Братиславада өткен Наурыз мерекесі Орталық Азия мәдениеттерін біріктірді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Братислава, 2026 жылғы 4 сәуір – Қазақстан Республикасының Братиславадағы Елшілігінің қолдауымен Орталық Азия халықтарының мәдени мұрасының ең көне нышандарының бірі саналатын көктем мерекесі – Наурыз кең көлемде аталып өтті.

Іс-шара Словакия астанасының мәдени өміріндегі маңызды оқиғаға айналып, қазақ, қырғыз, өзбек және тәжік қауымдастықтарының өкілдерін біріктірді.

Іс-шараның негізгі элементі көшпелі өркениеттің жауһары саналатын дәстүрлі қазақ киіз үйі болды. Ол қазақ халқының философиясын, мәдениетін және қонақжайлылық дәстүрін бойына тоғыстырған бірегей мұра ретінде таныстырылды. Мереке қонақтары ұлттық ою-өрнектермен және дәстүрлі тұрмыстық бұйымдармен безендірілген киіз үйдің ішкі көрінісімен танысуға мүмкіндік алды.

Мерекелік бағдарлама аясында ұлттық киімдер көрсетілімі мен халық ойындар (асық ойнау, арқан тарту, қой көтеру, қол күрес) ұйымдастырылып, қонақтарға мерекелік көңіл күй сыйлады. 

Дәстүрлі тағамдар ұсынылған дастархан мерекеде ерекше орын алып, қонақтарға Орталық Азия халықтарының ұлттық асханасының байлығы мен алуан түрлілігімен танысуға мүмкіндік берді.

Мәдени бағдарлама аясында Қазақстан Республикасы Елшілігінің бастамасымен словак тіліне аударылып, жарық көрген қазақ авторларының кітаптары ұсынылған көрме ұйымдастырылды. Кітаптар қонақтарға таратылып, Словакиядағы қазақ әдебиетін насихаттауға елеулі үлес қосты. Сонымен қатар, сәндік-қолданбалы өнер туындылары мен ұлттық әшекейлер таныстырылды.

Ұлттық салт-дәстүрлер мен жағымды әсерге толы достық атмосферада өткен мереке Орталық Азия халықтарының бауырластығы мен ынтымақтастығын айшықтайтын жарқын көрініске айналды.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-bratislava/press/news/details/1194985?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version