4 сәуірде қалалық мәслихат депутаттары ертесімен өздеріне қарасты округ тұрғындарымен бірлесіп сенбілік өткізді.
Қаламыздың орталығындағы көпқабатты тұрғын үйлердің ауласынан бастап, Ягодка, Озерный, Кос-1 басқа да бау-бақша ұжымдары мен Пригородный, Нокин, Көктем, Балауса, Жібек жолы тұрғын алаптардың аумақтары қоқыстан тазартылды.
Депутаттар үшін халықпен бірге еңбек ету – жай ғана міндет емес, сенім мен бірліктің белгісі. Бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып атқарылған жұмыс қаламыздың көркін арттырып қана қоймай, тұрғындардың өз ортасына деген сүйіспеншілігін күшейтеді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-aktobe/press/news/details/1194260?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау