Пионер ауылдық округінің аумағында мектеп оқушылары арасында «Ең қымбат – өмір» тақырыбында нашақорлықтың алдын алу бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Іс-шара барысында жасөспірімдермен есірткі заттарының зияны, олардың адам денсаулығына және болашағына кері әсері туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Оқушыларға салауатты өмір салтын ұстанудың маңыздылығы, теріс әсерлерге қарсы тұру және дұрыс шешім қабылдау қажеттілігі айтылды.
Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасатын болады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-osakarovka-pioner/press/news/details/1194637?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау