Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан әкетілетін тауарлардың кедендік құнын айқындау кезінде осы тауарлар үшін іс жүзінде төленген немесе төленуге жататын бағаға, егер бұрын қосылмаған болса, мынадай қосымша есепке жазулар қосылады:
-сатушы жүзеге асырған немесе оның жүзеге асыруына жататын мөлшердегі, бірақ әкетілетін тауарлар үшін іс жүзінде төленген немесе төленуге жататын бағаға енгізілмеген мөлшердегі шығыстар, оған мыналар:
-делдалдарға (агенттерге) берілетін сыйақы және брокерлерге берілетін сыйақы;
-егер кедендік мақсаттар үшін ол әкетілетін тауарлармен біртұтас ретінде қарастырылатын болса, ыдысқа арналған шығыстар;
-әкетілетін тауарлардың қаптамасына арналған шығыстар, оның ішінде қаптама материалдарының және қаптау жұмыстардың құны жатады;
-əкетілетін тауарларды тиеуге, түсіруге немесе қайта тиеуге арналған шығыстар;
-осы тармақтың 2) тармақшасында көрсетілген операцияларға байланысты сақтандыру шығыстары;
-әкетілетін тауарларға қатысты зияткерлік меншік объектілерін пайдаланғаны үшін және көрсетілген төлемдер әкетілетін тауарларға қатысты болатын жағдайда, сатып алушы осындай тауарларды сату шарты ретінде тікелей немесе жанама түрде төлеуге тиіс лицензиялық және өзге де ұқсас төлемдер (әкетілетін тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан тыс жерде қайта өндіру құқығы үшін төлемдерді қоспағанда).
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-astana/press/news/details/1194504?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау