Ақтөбе облысы Полиция департаментінің бастығы полиция генерал-майоры Қайыркен Әлиев тұрғындармен аулаларда кезекті кездесу өткізді.
«Жұртқа жақын полиция» қағидатын іске асыру аясында департамент басшысы азаматтардың өтініштерін тыңдап, қоғамдық қауіпсіздікті нығайтуға бағытталған өзекті ұсыныстарды талқылады.
Генерал-майор Қайыркен Әлиев әрбір тұрғынның мәселесіне ерекше назар аударып, полицияның қоғамға ашықтығы оның жұмысындағы басым бағыттардың бірі екенін атап өтті.
Тұрғындар жол инфрақұрылымын жақсарту, тұрғын алаптарда патрульдеуді күшейту, сондай-ақ интернет-алаяқтықтың алдын алу бойынша ұсыныстарын жеткізді.
Түскен барлық ұсыныстар мен өтініштер бойынша Қайыркен Әлиев тиісті бөлімшелердің басшыларына нақты тапсырмалар берді. Әрбір мәселенің қаралуы департамент басшысының жеке бақылауына алынды.
«Біздің азаматтармен өзара іс-қимылымыз — бұл тек есептік кездесулер ғана емес, полиция қызметінің сапасын арттырудың нақты құралы. Әрбір сындарлы ұсыныс зерделеніп, тәжірибеге енгізіледі», — деді ол.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-aktobe/press/news/details/1194872?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау