Көкшетау қаласындағы №1 мектеп-гимназиясының 11-сынып оқушысы Малике Бақыт «Deutsch plus Beruf» халықаралық білім беру бағдарламасына қатысуға арналған республикалық байқаудың жеңімпазы атанды.
Байқауды Goethe-Institut Қазақстан ұйымдастырды. Аталған дода ерекше беделді әрі жоғары бәсекелі болды, себебі еліміз бойынша тек бір ғана стипендия қарастырылған.
Малике неміс тілін жоғары деңгейде меңгеруі, табандылығы мен мақсаткерлігінің арқасында республика бойынша қатысқан үміткерлердің арасынан озып шығып, бірінші орынды иеленді. Байқау екі кезеңнен тұрды: эссе жазу және тілдік деңгейін анықтау. Нәтижесінде ол неміс тілін В2 деңгейінде меңгергенін дәлелдеді.
Жалғыз жеңімпаз атанған оқушы биыл жазда Германияға барып, білімін жетілдіруге мүмкіндік алды. Бұл — оның ұзақ жылғы еңбегі мен табандылығының айқын нәтижесі.
Жетекшісі Дина Грищенко атап өткендей, Малике бұл жеңіске жылдар бойы жүйелі дайындалып, түрлі олимпиадаларға қатысу арқылы тілдік деңгейін үздіксіз дамытып келген.
Дарынды оқушымызбен мақтанып, оған алдағы уақытта жаңа белестер мен толағай табыстар тілейміз.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-edu/press/news/details/1194775?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау