Маңғыстау облысы Полиция департаментінің патрульдік полиция ротасының қызметкерлері қиын жағдайға тап болған шетелдік азаматқа дер кезінде көмек көрсетті.
Оқиға Шетпе–Сайөтес автожолының 231/555 шақырымында, Ман-ата асуы маңында орын алған. Венгрия азаматы Даниэл жаңбыр астында жаяу келе жатқан кезде патрульдік полиция қызметкерлерінің көзіне түскен. Анықталғандай, ол Венгриядан Ақтау қаласына бағыт алған.
Қызмет барысында полиция капитандары Ербол Жалғасов пен Әбіш Тайманов азаматтың жағдайын байқап, бірден тоқтап, қажетті көмек көрсетті. Олар жолдан өтіп бара жатқан автокөлікті тоқтатып, шетелдік азаматтың қауіпсіз түрде жолын жалғастыруына ықпал етті.
Мұндай әрекеттер патрульдік полиция қызметкерлерінің кәсібилігі мен азаматтардың қауіпсіздігіне деген жоғары жауапкершілігін көрсетеді.
Маңғыстау облысы Полиция департаментінің патрульдік полиция ротасы тұрғындар мен өңір қонақтарын жолда сақ болуға шақырады және кез келген қиын жағдайда полиция қызметкерлері әрдайым көмек көрсетуге дайын екенін еске салады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-mangystau/press/news/details/1194766?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау