2026 жылғы 31 наурызда Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Астана қаласы бойынша департаменті, Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Астана қаласы бойынша департаменті, Астана қаласының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасымен бірлесіп “Медициналық-әлеуметтік сараптама қызметі мен денсаулық сақтау ұйымдары арасындағы өзара іс-қимылдың өзекті мәселелері” тақырыбында кеңес өткізді. Келесі мәселелер талқыланды: 2026 жылдың бірінші тоқсанының нәтижелері бойынша медициналық-әлеуметтік сараптамаға негізсіз жолдамалар емханалардың ДКК жұмысының сапасы және негізсіз жолдамаларды азайту шаралары. Кеңеске астаналық медициналық мекемелерінің бас дәрігерлері мен ДКК төрағалары қатысты. Жиналыс Zoom конференция форматында өтті, барлығы 100-ден астам адам қатысты.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek-astana/press/news/details/1194116?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау