Меркі ауданында малшылардың қауіпсіздігі мәселелері талқыланды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Меркі ауданы Төтенше жағдайлар бөлімі қызметкерлері шаруа қожалық иелерімен бірлесіп дөңгелек үстел өткізді. Кездесу барысында алыс жайылымдарда жұмыс істейтін малшыларды спутниктік байланыс құралдарымен және ұялы телефондармен қамтамасыз ету мәселесі талқыланды. Қатысушылар шалғай аймақтарда байланыс құралдарының болуы төтенше жағдай кезінде жедел көмек көрсетуге мүмкіндік беретінін атап өтті. Сонымен қатар, GPS құрылғыларын пайдалану арқылы адамдардың орналасқан жерін анықтау және құтқару қызметтерінің жедел әрекет ету мүмкіндіктері түсіндірілді. Дөңгелек үстелде табиғи және техногендік қауіптердің алдын алу шаралары да қаралды. Кездесу соңында қатысушылар қауіпсіздік талаптарын сақтау және төтенше жағдайлардың алдын алу бағытындағы бірлескен жұмысты жалғастыруға келісті.

Жамбыл облысы ТЖД

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-zhambyl/press/news/details/1194590?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version