Облыс әкімінің орынбасары А. Зебешев Нидерландтан келген Green.Earth жасыл жобаларды басқару компаниясының жобалық бөлімінің басшысы Мохилей Анубхав Аллахабадпен кездесіп, Арал ауданында жүзеге асырылып жатқан экологиялық жобаның іске асырылу барысын талқылады.
Жобаны іске асыру мақсатында «Арал Си Лэнд» ЖШС жаңа кәсіпорын тіркелді.
Аталған жоба «Арал теңізінің экожүйесін орман өсіру арқылы қалпына келтіру» бастамасы аясында жүзеге асырылуда. Жоба Өңірлік үйлестіру кеңесінің отырысында қаралып, қолдау тапқан.
Қазіргі таңда жоба үшін Арал ауданынан 1 мың гектар жер учаскесі беріліп, оның 530 гектарына сексеуіл көшеттері отырғызылды.
Жобаның жалпы құны 8,7 млрд теңгені құрайды. Бүгінгі күні оның 80 млн теңгеден астамы игерілді. Жоба аясында 35 жаңа жұмыс орнын құру жоспарланған, қазіргі уақытта 4 адам тұрақты жұмыспен қамтылған.
Кездесу барысында тараптар жобаны одан әрі дамыту және кеңейту мәселелерін талқылады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-kasipkerlik/press/news/details/1194443?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау