Сіздерге хабарлаймыз, 2026 жылғы 7–11 сәуір аралығында Маңғыстау облысының аумағында қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтардың алдын алу және жол қозғалысы қауіпсіздігін күшейту мақсатында «Құқықтық тәртіп» атты жедел профилактикалық іс-шара өткізіледі.
Іс-шара барысында полиция қызметкерлері қоғамдық орындарда, жолдарда және халық көп жиналатын аумақтарда құқықтық тәртіпті сақтау бойынша күшейтілген бақылау жүргізеді. Сондай-ақ көлік құралдарын тексеру, жеке басын анықтау, әкімшілік құқық бұзушылықтардың алдын алу және жол қозғалысы ережелерінің сақталуын бақылау жұмыстары жүзеге асырылады.
Осыған байланысты, облыс тұрғындары мен қонақтарын:
- қоғамдық тәртіпті сақтауға;
- Қазақстан Республикасының заң талаптарын қатаң ұстануға;
- жол қозғалысы ережелерін бұзбауға;
- полиция қызметкерлерінің заңды талаптарына түсіністікпен қарауға шақырамыз.
Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету – әрбір азаматтың ортақ міндеті. Баршаңызды заң талаптарын сақтауға және қоғамдық тәртіпті бұзбауға шақырамыз.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-mangystau/press/news/details/1194868?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау