ӨЗІМІЗДІ КОМАНДАДА САҚТАЙЫҚ!
Команда дегеніміз бұл бірлескен жұмыс туралы ғана емес. Бұл – сенім, өзара қолдау және қауіпсіздік. Ал нағыз команда әрбір мұғалімнің ішкі күйінен басталады. Егер басшы шаршап, жүктемесі көп болып, жалғыздықты сезінсе – бұл мектептің бүкіл өміріне айқын әсер етеді. Міне, Набатникова Т.И. осы сөздерімен проактивті директорлар мен мұғалімдердің Шығармашылық кездесуді басталды.
2026 жылғы 3 сәуірде Қостанай облысы бойынша «Өрлеу» Ұлттық біліктілікті арттыру орталығы» АҚ КДИ филиалы алаңында «Mug‘alim-PRO» облыстық жобасының қатысушылары жиналды. Шығармашылық кездесудің тақырыбы кездейсоқ таңдалған жоқ. Проактивті мұғалім өз-өзіне әрекет ету, өзін-өзі дамыту, стресске төзімділік және жалпы эмоционалды интеллект дағдыларын меңгеруі тиіс. Бұл тиімді қарым-қатынас жасауға, қақтығыстарды шешуге көмектеседі.
«Өрлеу» ҰБАО АҚ КДИ филиалы директоры Мусабекова Г. А. қатысушыларды ішкі күйін «ревизиялау» жасауға итермелейтін коучинг жүргізді. Токсикалық мәдениеттен арылу мүмкіндіктері мен шаршау жолынан шығу мәселелеріне Калимжанова Р. Л. тоқталды – PhD докторы, аға оқытушы, А. Байтұрсынұлы атындағы ҚРУ педагогика, психология және арнайы білім кафедрасының меңгерушісі.
«Идеядан қорғауға дейін: әдістемелік өнімді қалай жасау және ресурсты сақтау», «Мұғалімнің психологиялық саулығын арттыру жолдары», «Педагогтердің кәсіби шаршауын алдын алуға бағытталған психологиялық», «Педагогтің ресурстық күйі және күйіп кетудің алдын алу» – осы тренингтердің тақырыптарын Бурбаева А.Х., Лескенов Ы. И., Шалдыбаева Г.А., Детянцева Л.А., Туйганова Б.С., Ермаганбетова А.Ж., Бурага О.В., Кожаниязова А.Е., Жусупова Г.С., Мускина А.Н. өткізді.
Бүгінде педагогтің психологиялық саулығы мен ресурстарын сақтау бұрынғыдан да маңызды.
Қатысушының ойы: «Спикерлерге кәсіби шеберлігі, шабыттандыратын атмосферасы және жоғары мотивациясы үшін рахмет!»
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-bilim/press/news/details/1194862?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау