Отырар ауданы аумағында құрылған тұқымбақта ауқымды көгалдандыру жұмыстары жүргізілуде. Бүгінгі таңда мұнда жалпы саны 8000 дана көшет отырғызылған. Олардың қатарында қарағаш, үйеңкі, шаған және жиде ағаштары бар. Тұқымбақтың жалпы аумағы 3 гектарды құраса, оның 0,60 гектарына көшеттер егілген.
Аталған жұмыстармен аудан әкімі Қайрат Жолдыбайұлы арнайы барып танысты. Сонымен қатар, Темір ауылындағы мазарат маңында 3,5 гектар аумақта егілген көшеттердің жай-күйін көріп шықты. Айта кету керек, Темір ауылындағы мазарат маңына жалпы 3700 көшет отырғызылған.
Аудан әкімі әрбір егілген көшеттің толыққанды өніп-өсуін қамтамасыз ету бойынша тиісті жұмыстарды күшейтуді тапсырды.
Жалпы, аудан көлемінде жасыл аймақтарды көбейту бағытындағы жұмыстар кезең-кезеңімен жалғасатын болады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-otyrar-audany/press/news/details/1195023?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау