Плоггинг

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Көкшетауда жүгіру мен қоқыс жинауды біріктіретін заманауи экологиялық қозғалыс — плоггинг танымал бола бастады. Бұл жай ғана пайдалы әдет емес, әрбір тұрғынның туған қаласының тазалығына қосқан үлесі және табиғатқа деген қамқорлығы.

«Таза Қазақстан» жалпыұлттық акциясы аясында 11 сәуір күні сағат 10:00-де Ш. Уәлиханов атындағы КМУ алаңында жалпықалалық плоггингтің басталуы өтеді. Көкшетау қаласының барлық тұрғындарын — жастарды, отбасыларды, спортшыларды және бейжай қарамайтын жандарды — осы игі бастамаға қосылуға шақырамыз.

«Таза Қазақстан» — бір реттік акция емес, экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған жүйелі жұмыстың бір бөлігі. Ол қоршаған ортаның ластану деңгейін төмендетуге, табиғатқа жауапкершілікпен қарауды тәрбиелеуге және ұлт денсаулығын нығайтуға ықпал етеді.

Келіңіздер, бірге қаламызды таза, жайлы әрі көркем етейік!
Таза Көкшетау — әрқайсымыздан басталады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/culture-kokshetau/press/news/details/1194779?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version