Түркістан облысы полиция департаментінің инспектор-психологтарының ұйымдастыруымен полицейлердің отбасыларын қолдауға бағытталған ашық есік күні өткізілді, Қызметкерлердің ұл-қыздарымен кездесуде сөз алған арнайы және кәсіби даярлығы басқармасының бастығы Ерлан Шамшат полиция қызметінің маңызына тоқталды.
– Полиция қызметі – үлкен жауапкершілікті талап ететін, тәулікпен санаспайтын күрделі мамандық. Осындай жағдайда қызметкерлер үшін отбасының қолдауы аса маңызды. Бүгінгі іс-шарамыз сол байланысты нығайтуға бағытталған маңызды қадам. Жас достар, сіздер ата-аналарыңыздың күнделікті еңбегін, қызметтің ерекшелігін өз көздеріңізбен көріп, түсінген боларсыздар. Сіздердің қолдауларыңыз олардың рухын көтеріп, жұмысына деген жауапкершілігін арттыра түседі, – деді ол.
Саптық алаңда өткен шара барысында келушілерге оқу-жаттығу взводы мен жылдам қимылдайтын арнайы жасақтың қызметтік техникалары, қару-жарақтары мен нысанды киім үлгілері таныстырылды. Сондай-ақ қызметтік автокөліктер мен бейнебақылау камералары көрсетіліп, олардың жұмыс істеу тәртібі түсіндірілді.
Шараға қатысқан отбасы мүшелері полицейлердің күнделікті қызметінің жауапкершілігін тереңірек түсініп, өз жақындарының еңбегіне деген құрметі артты.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-turkistan/press/news/details/1195039?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау