Қазақстанның оңтүстік өңірлерінде 65 мың гектар жерді суаратын 103 каналды автоматтандыру жұмысы бастады.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Су шаруашылығы инфрақұрылымын жаңғырту аясында елдің оңтүстік өңірлерінде жалпы ұзындығы 968 шақырым болатын, 65 мың гектар жерді суаратын 103 ирригациялық каналды автоматтандыру жұмысы басталды. Сонымен қатар осыған дейін реконструкциядан өткен, жалпы ұзындығы 1184 шақырым болатын 270 канал да автоматтандырылып жатыр, деп хабарлайды ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігі. Бұдан бөлек, автоматтандыру элементтері мен заманауи су есептеу жүйелерін енгізуді қамтитын ирригациялық каналдарды реконструкциялау бойынша 264 жобаға арналған жобалау-сметалық құжат әзірленіп жатыр.

«Министрлік цифрлық құралдарды ұштастыра отырып, су ресурстарын басқарудың кешенді, көпдеңгейлі жүйесін қалыптастыруда. Мұндай тәсіл экономиканың түрлі салаларының тұрақты дамуын қамтамасыз етуге, елдің су қауіпсіздігін нығайтуға және өмірлік маңызы бар ресурсты болашақ ұрпақ үшін сақтауға мүмкіндік береді», – деді су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.

Бүгінде Су ресурстарының ұлттық ақпараттық жүйесі 22 мың су нысанын қамтып отыр. Оның ішінде 17 мыңнан астам өзен, 4 мыңға жуық көл және гидротехникалық нысандардың 60%-ы бар. Жыл соңына дейін 6 мыңнан астам каналды цифрландыру және гидротехникалық нысандарды қамту деңгейін 100%-ға жеткізу жоспарланған.

Сонымен қатар елдің бірыңғай су балансы қалыптастырылады. Бұл су шаруашылығы учаскелері бөлінісінде нақты су ағынын, су қоймаларындағы жинақ көлемін және суды тұтыну деңгейін салыстыруға мүмкіндік береді. Гидротехникалық құрылысжайлар мен су нысандарының қауіпсіздігіне ерекше назар аударылуда. Ғарыштық мониторинг пен гидробекеттердің деректері интеграцияланып жатыр.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-zhitikarin-zabelov/press/news/details/1194484?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version