Қызылорда облысында жаңа күн электр станциясы салынады

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Италиялық ENI мекемесіне еншілес «Альхена» серіктестігі Арал ауданында қуаты 30 мегаватт күн электр станциясының құрылысын жүргізеді.
Жобаның құны – 8,2 млрд теңге. Жобаға мемлекеттік қолдау шарасы ретінде 65 гектар жер телімі бөлінді.
Қазіргі таңда құрылыс жұмыстарын бастау үшін EPC (инжиниринг, сатып алу және құрылыс) келісімшартына қол қойылды. Құрылыс жұмыстары ағымдағы жылдың сәуір айында басталады.
Жоба іске асырылған жағдайда 10-нан астам жаңа жұмыс орны ашылады.
Жалпы, облыс аумағында 130 мегаватты құрайтын 11 күн электр станциясы жұмыс істейді. Оларға TotalEren (Жалағаш ауданы — 28 МВт), United Green Energy (Шиелі ауданы — 50 МВт), Hevel (Жаңақорған ауданы — 10 МВт) және Huadian (Шиелі ауданы — 40 МВт) сияқты халықаралық инвесторлар қатысқан.
Алдағы уақытта қуаттылығы 260,5 мегаваттан астам 6 күн және 2 жел электр станциясы іске қосылады.
Бұл бастамалар өңірдің энергетикалық әлеуетін арттырып, электр энергиясын тиімді әрі экологиялық таза өндіруге мүмкіндік береді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-kasipkerlik/press/news/details/1194339?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version