Семей қаласы полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторында денсаулық сақтау саласындағы адам құқықтарын қорғау мәселелері бойынша бірлескен құқықтық қабылдау өткізілді.

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығында өткізілетін «Денсаулық және адам құқықтары апталығы» мемлекетаралық акциясы аясындағы іс-шаралар жоспарына сәйкес, Абай облысы бойынша Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің өкілі Жумагельдин Д. Семей қаласы полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторында «Денсаулық сақтау жүйесіндегі адам құқықтарын қорғау» тақырыбында бірлескен құқықтық қабылдау өткізді.
Іс-шараға Семей қаласы прокуратурасының өкілі Марсова Г.Д., заң консультанты Койшибаев Н.Д., нотариус Абдрахманова Д.К., Абай облысы денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Саимова А.Ж., сондай-ақ УҰИ бастығының орынбасары Жангалиев Ж.Б. қатысты.
Қабылдау барысында барлығы 9 адам қабылданып, олар медициналық, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету және өзге де мәселелер бойынша сұрақтар қойды. Барлық қойылған сұрақтар бойынша тиісті түсіндірмелер мен жауаптар берілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ombudsman-abay-oblysy/press/news/details/1194707?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version