Семей қаласының мәслихаты «Таза Қазақстан» экологиялық акциясына қатысты

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Семей қаласы мәслихатының депутаттары мен аппарат қызметкерлері Қазақстан Республикасы Президентінің бастамасымен, сондай-ақ Абай облысының әкімі Берік Уәлидің қолдауымен жүзеге асырылып жатқан «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясын қолдап, қалалық сенбілікке белсенді қатысты.

Тазалық шарасы аясында «Бейбітшілік» аралындағы «Достық» аллеясы маңында абаттандыру және санитарлық тазалық жұмыстары жүргізілді. Аталған аумақ қоқыстан тазартылып, тиісті деңгейде ретке келтірілді.

Айта кетейік, «Таза Қазақстан» акциясы аясындағы жұмыстар өңірде жүйелі түрде ұйымдастырылып, алдағы екі ай бойы жалғасатын болады. Маслихат  города Семей принял участие в экологической акции «Таза Қазақстан».

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/semeymaslihat/press/news/details/1194812?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version