Ағымдағы жылдың 4 ақпан күні аудан әкімі аппаратының мәжіліс залында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөнінде жиналыс өткізілді. Жиналыс барысында мемлекеттік сатып алу саласында орын алатын сыбайлас жемқорлық қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу және жолын кесуде қабылданған шаралар туралы сұрақтар қаралды. Сондай-ақ маңызды бас қосуда Жаңаарқа ауданында сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияны іске асыру, оның ішінде қоғамда, жастар ұйымдарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәрбиелеу мәселесін қалыптастыру мақсатында атқарылған іс-шаралар туралы да айтылды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ulytau-zhanarka/press/news/details/1194497?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау