Аталған жәрмеңкеге Үшқұдық ауылдық округі атынан жергілікті кәсіпкерлер Жанғалиева Айжан мен Алтыбаев Қуанышбек қатысып, тұрғындарға сапалы сүт және ет өнімдерін ұсынды.
Жәрмеңкенің басты мақсаты – халықты табиғи әрі қолжетімді бағамен ауыл шаруашылығы өнімдерімен қамтамасыз ету, сондай-ақ жергілікті тауар өндірушілерді қолдау болып табылады.
Іс-шара барысында келушілерге жаңа әрі экологиялық таза өнімдер ұсынылып, тұрғындар тарапынан жоғары сұранысқа ие болды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-alga-yshkudyk/press/news/details/1194271?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау