«Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығындағы Денсаулық және адам құқықтары апталығы» мемлекетаралық акциясы аясында №46 мекемесінде сотталғандарға құқықтық қабылдау өткізілді.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026 жылғы 6 сәуірде «Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығындағы Денсаулық және адам құқықтары апталығы» мемлекетаралық акциясы аясында Қазақстан Республикасы Адам құқықтары жөніндегі уәкілінің Павлодар облысы бойынша өкілі Тарасенко И.В. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің №46 мекемесінде сотталғандарға құқықтық қабылдау өткізді.

Іс-шараға адвокат Кулькимбаева Г.Т., облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Кучуков Е.Е., қалалық емханалардың басшылары, сондай-ақ Павлодар облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің өкілдері қатысып, өтініштерді жан-жақты әрі ведомствоаралық деңгейде қарауды қамтамасыз етті.

Қабылдау барысында 20-дан астам сотталғанға құқықтық көмек көрсетілді. Медициналық қамтамасыз ету мәселелерімен қатар, құқықтық сипаттағы өзге де өтініштердің кең ауқымы қаралды. Жекелеген мәселелер кейінгі бақылауға алынып, өтініш берушілерге олардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау бойынша жан-жақты түсіндірмелер берілді.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ombudsman-pavlodar-oblysy/press/news/details/1194791?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version