3-4 сәуір күндері Тараз қаласында кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу және балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жедел-профилактикалық рейдтік іс-шара ұйымдастырылды.
Іс-шараға қала әкімдігі, қалалық прокуратура, полиция басқармасы, жастар және білім бөлімі қызметкерлері қатысты.
Рейд барысында компьютерлік клубтарда, ойын-сауық және басқа да қоғамдық орындарда тексеру жұмыстары жүргізілді.
Нәтижесінде кәмелетке толмағандарға қатысты 18 әкімшілік құқық бұзушылық анықталып, Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 127, 442 және 132-баптары бойынша хаттамалар толтырылды.
Аталған бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жоспарлы түрде жалғасады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-taraz/press/news/details/1194796?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау