«Таза мекен – жарқын болашақ» сенбілігі

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Бүгін, 4 сәуір күні Қабанбай ауылында жалпы ауылдық сенбілік ұйымдастырылды. Аталған тазалық шарасына ауылдағы барлық мекеме ұжымдары мен тұрғындар белсенді түрде атсалысты.

Сенбілік барысында Қабанбай ауылдық мәдениет үйінің қызметкерлері де бір кісідей жұмылып, тазалық жұмыстарына белсене қатысты. Олар мәдениет үйінің ауласын ретке келтіріп, Ә. Әлімжанов саябағында тазалық жұмыстарын жүргізді. Айналаны қоқыстан тазартып, қоршаған ортаның көркеюіне өз үлестерін қосты.

Осындай игі шаралар ауылдың тазалығын сақтап қана қоймай, тұрғындардың туған жерге деген жанашырлығын арттырып, бірлік пен ынтымақты нығайта түседі.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-alakol-kabanbai/press/news/details/1194149?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version