«Таза Қазақстан» акциясы аясындағы облыстық сенбілік өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында облыстық сенбілік Ақадыр кентінде жоғары деңгейде ұйымдастырылып, сәтті өтті.

Іс-шара барысында кент аумағында тазалық жұмыстары жүргізіліп, көшелер, аулалар, қоғамдық орындар мен жасыл аймақтар қоқыстан тазартылды. Сонымен қатар, абаттандыру және көгалдандыру жұмыстарына ерекше көңіл бөлініп, ағаш отырғызу жұмыстары атқарылды.

Сенбілікке мемлекеттік мекеме қызметкерлері, еріктілер, жастар ұйымдары және Ақадыр кентінің тұрғындары белсенді қатысып, туған жердің тазалығына өз үлестерін қосты. Бірлескен еңбектің нәтижесінде кент аумағы көркейіп, тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасты.

Осындай игі шаралар қоршаған ортаны қорғауға, экологиялық мәдениетті арттыруға және қоғамда жауапкершілік сезімін нығайтуға ықпал етеді.

Табиғатты аялау – баршамыздың ортақ парызымыз!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-shet-agadir/press/news/details/1194486?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version