«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында Сырымбет ауылында аумақты абаттандыру және санитарлық тазалау бойынша сенбілік өткізілді.
Ауыл тұрғындары өз үйлерінің маңайын тазалап, ауылымыздың тазалығы мен тәртібін сақтауға өз үлестерін қосты.
Қоқысты шығару үшін ауыл шаруашылығы техникаларын ұсынғаны үшін «АиК-Агро» ЖШС басшысы А.Е. Абакумовқа, «Арай-1» ЖШС басшысы А.Т. Құрманғожинге, «Лето» шаруа қожалығының басшысы М.М. Романовқа, «АСКА» шаруа қожалығының басшысы А.Е. Нашарбековке алғысымызды білдіреміз.
Сонымен қатар сенбілікке белсенді қатысып, ауылымыздың тазалығы мен көркеюіне өз үлесін қосқан ұйымдар мен мекемелердің қызметкерлеріне, жастарға және барлық ауыл тұрғындарына шынайы ризашылығымызды білдіреміз.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko-airtau-syrymbet/press/news/details/1194726?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау