ТӨЛЕБИ АУДАНЫНДА «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА КӨГАЛДАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
 
Төлеби ауданында «Таза Қазақстан» тұжырымдамасы аясында ұйымдастырылған «Мөлдір бұлақ» экологиялық апталығы барысында ауқымды көгалдандыру және тазалық жұмыстары жүргізілді.
 
Іс-шараға аудан әкімі Еркеғали Әлімқұлов бастаған 900-ге жуық адам қатысып, 70-тен астам мекеме жұмылдырылды. Сонымен қатар, жұмыстарды жүргізуге 18 техника тартылды.
 
Акция аясында аудан аумағында бүгін 9000 көшет отырғызылды. Ал жыл басынан бері егілген ағаш көшеттерінің саны 17 мыңға жетті. Әрбір қатысушы бір ағаш отырғызып, қоршаған ортаны қорғауға өз үлесін қосты.
 
Тазалық жұмыстары барысында су жағалаулары мен бұлақ көздері тұрмыстық қалдықтардан тазартылып, табиғи аумақтарды абаттандыру және қалпына келтіру жұмыстары жүйелі түрде жүргізілді.
 
Аталған шараның негізгі мақсаты – экологиялық мәдениетті қалыптастыру, табиғатты қорғау және тұрғындардың қоршаған ортаға деген жауапкершілігін арттыру.
 
Осындай игі бастамалар алдағы уақытта да өз жалғасын тауып, аудан аумағында тазалық пен көгалдандыру жұмыстары тұрақты түрде жүргізіледі.
 
Төлеби ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-tolebi-audany/press/news/details/1194833?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version