ТӨЛЕБИДЕ ЖАҢА ТАРИХИ-МӘДЕНИ МУЗЕЙ САЛЫНУДА

Жарияланды:

Автор:

категорияда
 
Төлеби ауданы, Ленгір қаласында жаңа тарихи-мәдени нысан – Төлеби баба музейінің құрылысы қарқынды жүргізілуде. Аталған жоба өңірдегі маңызды тарихи нысандардың біріне айналмақ.
 
Жоба заманауи сәулеттік талаптарға сай жүзеге асырылуда. Түркістан облысы мәслихатының депутаты Дулат Әбіш пен Төлеби ауданының әкімі Еркеғали Әлімқұлов құрылыс алаңындағы жұмыстардың барысымен танысып, нысанның сапалы әрі белгіленген мерзімде аяқталуын бақылауға алды.
 
Жоспарға сәйкес, музей ғимаратының жалпы аумағы 2200 шаршы метрді құрайды. Нысан бірнеше экспозициялық залдан тұрады. Онда Төлеби бабаның өмір жолы, ел бірлігі жолындағы еңбегі мен тарихи мұрасы кеңінен насихатталатын болады.
 
Құрылыс жұмыстары 2025 жылдың мамыр айында басталған. Жобаның жалпы сметалық құны 361,6 миллион теңгеден асады. Қазіргі таңда нысанның іргетасы қаланып, құрылыс жұмыстары кезең-кезеңімен жүргізілуде. Жоспар бойынша музей 2026 жылы пайдалануға беріледі.
 
Аталған жоба өңірдің тарихи-мәдени мұрасын дәріптеуге бағытталған маңызды рухани орталықтардың біріне айналмақ.
Құрылыс жұмыстарын бас мердігер – «Caprioc» ЖШС жүзеге асыруда.
 
Төлеби ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-tolebi-audany/press/news/details/1194848?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version