ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДАҒЫ АГРОСАЛАНЫ ДАМЫТУҒА ШЕТЕЛДІК ҒАЛЫМДАР АТСАЛЫСУДА

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Түркістан облысында ауыл шаруашылығы саласын дамытуға бағытталған маңызды халықаралық ынтымақтастық жүзеге асырылуда. Түркістан облысының кәсіпкерлік және сауда басқармасы жанындағы «TÚRKISTAN» кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы қолдауымен өңірге Германиядан тәжірибелі инженер, SES сарапшысы Людвиг Вресманн (Ludwig Wreesmann) арнайы шақырылды.
«Сапа 2002» ЖШС алқабында сарапшы кәсіпкерлермен кездесіп, тәжірибе бөлісті. Халықаралық деңгейдегі сарапшының қатысуы кәсіпорынның аграрлық өндіріс тиімділігін арттыруға, заманауи технологияларды енгізуге және егін өнімділігін көтеруге зор мүмкіндік береді. Людвиг Вресманн ауыл шаруашылығы саласындағы озық тәжірибелерімен бөлісіп, жергілікті мамандарға практикалық кеңестер беруде.
Бұл бастама өңірдегі агробизнес саласын жаңа деңгейге көтеруге бағытталған нақты қадамдардың бірі. Шетелдік сарапшыларды тарту арқылы кәсіпорындар өндірістік процестерін жетілдіріп, халықаралық стандарттарға сай дамуға жол ашады.
Айта кетейік, «Сапа 2002» ЖШС басшылығы алдағы уақытта өндірісті әртараптандыруды көздеп отыр. Атап айтқанда, кәсіпкер ет өңдеу және өсімдік майын өндіру цехтарын дамыту үшін де шетелдік білікті мамандарды шақыру мүмкіндігін қарастыруда. Бұл өз кезегінде өңір экономикасына серпін беріп, жаңа жұмыс орындарының ашылуына ықпал етеді.
Түркістан облысында кәсіпкерлікті қолдау бағытындағы мұндай жобалар өңірдің инвестициялық тартымдылығын арттырып, ауыл шаруашылығы саласының тұрақты дамуына негіз қалайды.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/1194257?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version