Заңдылық сақшылары: ШҚО-да көші-қон қызметінің 33 жылдығы атап өтілді
5 сәуір күні Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаментінің мұражайында көші-қон қызметінің құрылғанына 33 жыл толуына арналған салтанатты іс-шара өтті. Оған облыстың аудан өңірлерінен келген қызметкерлер, жеке құрам және осы саланың қалыптасу бастауында тұрған ішкі істер органдарының ардагерлері қатысты.
Бұл қызмет Қазақстан тәуелсіздігінің алғашқы жылдарында паспорттық және визалық жұмыс бөлімшелерінің негізінде құрылған болатын. Бүгінгі таңда оның функциялары халықты құжаттандырудан бастап, мемлекеттік көші-қон саясатын іске асыру мен заңсыз көші-қонға қарсы іс-қимылға дейін айтарлықтай кеңейді.
Көші-қон қызметі көші-қон процестерін бақылау және халыққа күн сайын мемлекеттік қызметтер көрсету арқылы құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарады.
Әріптестерін кәсіби мерекелерімен ШҚО ПД бастығы полиция генерал-майоры Ерлан Омарбеков құттықтап, қызметтің маңыздылығын және әрбір қызметкердің қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қосқан үлесін атап өтті.
Іс-шара барысында үздік қызметкерлер марапатталып, оларға мінсіз қызметі үшін грамоталар, алғыс хаттар мен көтермелеу сыйлықтары табыс етілді.
Көші-қон қызметі алға қойылған міндеттерді сенімді түрде орындауды жалғастыра отырып, өңірдегі заңдылық пен тұрақтылықтың сенімді кепілі болып қала береді.
ШҚО ПД баспасөз қызметі
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-vko/press/news/details/1194940?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау