Заңсыз құрылысқа жол жоқ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Қызылорда облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы қызметкерлері жүргізген мониторинг нәтижесінде Қызылорда қаласы, Желтоқсан көшесі №22 мекенжайы алдында заңсыз қоршау салу дерегі анықталды.
Аталған дерек бойынша жедел шаралар қабылданып, заңсыз тұрғызылған құрылыс нысаны бұздырылды. Сонымен қатар, Қызылорда қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімімен бірлесе отырып, нысан иесіне қолданыстағы заңнама талаптары түсіндіріліп, тиісті ескертпе берілді.
Қазіргі таңда аталған мекенжайдағы құрылыс жұмыстары толықтай тоқтатылып, заң талаптарына сәйкестендіру жұмыстары жүргізілуде.
Айта кету қажет, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес, тиісті рұқсат құжаттарынсыз құрылыс жұмыстарын жүргізуге қатаң тыйым салынады. Заңсыз құрылыс жүргізген тұлғалар заң аясында жауапкершілікке тартылады.
Осыған байланысты қала тұрғындары мен кәсіпкерлерді құрылыс жұмыстарын бастамас бұрын барлық қажетті рұқсат құжаттарын рәсімдеуге және заң талаптарын қатаң сақтауға шақырамыз.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-memleket-saulet/press/news/details/1194457?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version