Жаңалық

Жарияланды:

Автор:

категорияда
«TÚRKISTAN» КӘСІПКЕРЛЕРГЕ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ОРТАЛЫҒЫ АРҚЫЛЫ 55 МЛРД ТЕҢГЕДЕН АСТАМ ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТЫЛҒАН
«TÚRKISTAN» кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының қолдауымен былтыр 343 жоба іске асып, 55,4 млрд теңге инвестиция тартылды. Нәтижесінде 3 600-ден астам жаңа жұмыс орны ашылды. Бұл туралы өткен брифингте «TÚRKISTAN» кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының басшысы Берік Кенжебаев мәлімдеді.
«Орталықтың басты мақсаты – кәсіпкерлерге «бір терезе» қағидасы арқылы кешенді қызмет көрсетіп, кәсіп бастау мен дамытуға қолайлы жағдай жасау. 2025 жылы орталықта 28 мыңнан астам кәсіпкерге кеңес беріліп, 3 мыңға жуық бизнес-жоспар дайындалды. 1 469 жоба сүйемелденіп, олардың жалпы құны 14 млрд теңгеге жетті. Сонымен қатар, рұқсат құжаттарын алу мәселесі де оңтайландырылып, 20 мыңнан астам кеңес берілді. Орталыққа цифрландыру бағыты бойынша CRM жүйесі енгізіліп, kasip.info платформасы іске қосылды. Білім беру бағыты бойынша былтыр 500 адам кәсіпкерлік негіздерін меңгеріп, сертификат алған. Ал 2026 жылы 1 500 кәсіпкерді оқыту жоспарланып отыр. Биылғы жоспар бойынша 338 жобаға қолдау көрсетіліп, 35,3 млрд теңге инвестиция тарту көзделген. Бұл өз кезегінде 2 мыңнан астам жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді. Жобалар өндіріс, ауыл шаруашылығы, қызмет көрсету және сауда салаларын қамтиды» -деп баяндады орталық басшысы.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
_________
ЧЕРЕЗ ЦЕНТР ОБСЛУЖИВАНИЯ ПРЕДПРИНИМАТЕЛЕЙ “TÚRKISTAN” ПРИВЛЕЧЕНО БОЛЕЕ 55 МЛРД ТЕНГЕ ИНВЕСТИЦИЙ
При поддержке Центра обслуживания предпринимателей “TÚRKISTAN” в прошлом году реализовано 343 проекта, привлечено 55,4 млрд тенге инвестиций. В результате создано более 3 600 новых рабочих мест. Об этом на брифинге сообщил руководитель Центра обслуживания предпринимателей “TÚRKISTAN” Берик Кенжебаев.
“Главная цель центра – оказание предпринимателям комплексных услуг по принципу “одного окна”, создание благоприятных условий для начала и развития бизнеса. В 2025 году в центре проконсультировано более 28 тыс. предпринимателей, подготовлено около 3 тыс. бизнес-планов. Сопровождено 1 469 проектов, общая стоимость которых достигла 14 млрд тенге. Кроме того, оптимизирован вопрос получения разрешительных документов, проведено более 20 тысяч консультаций. В центре внедрена CRM-система по направлению цифровизации, запущена платформа kasip.info. По направлению образования в прошлом году 500 человек освоили основы предпринимательства и получили сертификаты. А в 2026 году планируется обучить 1 500 предпринимателей. В текущем году по плану поддержано 338 проектов, планируется привлечь 35,3 млрд тенге инвестиций. Это, в свою очередь, позволит создать более 2 тысяч новых рабочих мест. Проекты охватывают производство, сельское хозяйство, услуги и торговлю”,- доложил глава Центра.
Региональная служба коммуникаций Туркестанской области

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kogamdyk-damu/press/news/details/1194885?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version