«Жолда жүру қауіпсіздігі – әркімнің ортақ міндеті» тақырыбында түсіндіру жұмыстары жүргізілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

«Жолда жүру қауіпсіздігі – әркімнің ортақ міндеті» тақырыбында түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Қамысқала ауылдық округінде мектеп оқушылары арасында жолда жүру мәдениетін қалыптастыру мақсатында жол қауіпсіздігі бойынша кең көлемді түсіндіру жұмыстары өткізілді. Кездесуге округ мамандары мен ұстаздар қатысып, балаларға жол қозғалысы ережелерінің маңызы, жаяу жүргіншілер өткелін дұрыс пайдалану, жол белгілерін тану және көше бойында сақтық шараларын орындау туралы нақты мәліметтер берілді.
Шара барысында оқушылар күнделікті жолда кездесетін түрлі жағдайлар бойынша сұрақтар қойып, қауіпсіз жүріс-тұрыс ережелерін талқылады. Арнайы көрнекіліктер мен мысалдар арқылы жол-көлік оқиғаларының алдын алу жолдары да түсіндірілді.
Іс-шара оқушылардың жауапкершілігін арттырып, жолдағы қауіпсіздікке деген дұрыс көзқарасын қалыптастыруға бағытталды. Ауылдық округте мұндай профилактикалық жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-alakol-kamyskala/press/news/details/1194597?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version