№36 мектептен – құстарға 36 ұя

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Астанада №36 мектептің 90 жылдығына орай «36 мектептен – 36 ұя» атты экологиялық акция өтті. Көктал саябағында мектеп ұжымы, оқушылар мен ата-аналар бірлесіп 36 құс ұясын орнатты.

Акцияның арқылы жас ұрпаққа табиғатты қорғауды үйретіп, жауапкершілікті қалыптастыру және қоғамға деген қамқорлықты арттыру басты мақсат болды.

«Бұл бастама мектептің тәрбиелік жұмысының нақты көрінісі әрі білім беру мен қоғам арасындағы байланысты нығайтады. Оқушылар өз қолымен істеген ұяларын жайғастырып, табиғатқа деген қамқорлығын көрсетті»,- деп атап өтті, мектеп ұжымы.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana-saryarka/press/news/details/1195113?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version