🔰 АРЫС: «KAZAKH REAL STROI» ЖШС-ДЕ ОРЫН АЛҒАН ЖАЗАТАЙЫМ ОҚИҒАҒА БАЙЛАНЫСТЫ АРНАЙЫ ТЕРГЕП-ТЕКСЕРУ ЖҮРГІЗІЛДІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Бүгін Қазақстан Республикасының Еңбек және Халықты әлеуметтік қорғау министрі А.Ертаевтың 2026 жылғы 27 наурыздағы хаттамалық тапсырмасын орындау мақсатында Департаменттің “Арнайы тергеп-тексеру комиссиясын құру туралы” бұйрығына сәйкес Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің “Еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеру және есепке алу” туралы 20-тарауы бойынша арнайы комиссия құрылып, Департаменттің мемлекеттік еңбек инспекторы Смадияр Алдияр Шаниярұлы Арыс қаласында орналасқан «Kazakh Real Stroi» ЖШС-де орын алған жазатайым оқиғаға байланысты арнайы тергеп-тексеру жүргізді.
 
Тексеру барысында Департаменттің мемлекеттік еңбек инспекторы Алдияр Шаниярұлы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасының талаптарын түсіндіру және еңбек қатынастарын жетілдіру мақсатында “Kazakh Real Stroi” ЖШС мекемесінің қызметкерлерімен кездесу ұйымдастырды.
 
Кездесу барысында жұмыскерлердің құқықтары мен міндеттері, еңбек шарттарын жасау және бұзу тәртібі, сондай-ақ еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері кеңінен түсіндірілді.
 
Сонымен қатар, қызметкерлерді еңбек міндеттерін орындау кезінде туындауы мүмкін жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандырудың маңыздылығы айтылып, бұл бағыттағы заңнамалық талаптар бойынша нақты ақпарат берілді.
 
Кездесу соңында Серіктестік ұжымы еңбек қатынастары саласына қатысты өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, тиісті жауаптар алды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkistan-enbek/press/news/details/1195478?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version