2025 жылдан бастап Қазақстандағы арнаулы әлеуметтік қызметтер жүйесі ресми түрде жан басына шаққандағы қаржыландыру тетігіне көшті. Арнаулы әлеуметтік қызметтерді жан басына шаққандағы қаржыландыруды енгізу қызмет көрсету сапасын арттыруға және бюджет қаражатын пайдаланудың ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған. Қызметтерді алушылар жеткізушіні дербес таңдайды, бұл ретте қаржыландыру нақты қызмет алушыға тағайындалады. Бұл тетік мемлекеттік және үкіметтік емес ұйымдар арасындағы бәсекелестікті дамытуға және көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыруға ықпал етеді.
Әлеуметтік қорғау жүйесін жаңғырту шеңберінде азаматтарды таңдау құқығының іске асырылуын қамтамасыз ететін және өнім берушілердің өз қызметінің нәтижелері үшін жауапкершілігін күшейтетін жан басына шаққандағы қаржыландыру тетігіне көшу жүзеге асырылады.
Жан басына шаққандағы нормативтерді енгізу ұйымдарды қызмет көрсету жағдайларын жақсартуға, персоналдың біліктілігін арттыруға және қызмет алушылардың көбірек санын тарту үшін қазіргі заманғы жұмыс стандарттарын енгізуге ынталандырады.
Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 142-бабына сәйкес бюджет қаражаты есебінен арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін субъектілерді қаржыландыру белгіленген қағидалар мен тарифтерді қалыптастыру әдістемесіне сәйкес жүзеге асырылады.
Ақмола облысында ұйымдар ағымдағы жылдың басынан бастап жан басына шаққандағы қаржыландыру шеңберінде арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін жаңа форматта (28 – мемлекеттік мекемелермен және 14 – үкіметтік емес ұйымдармен) 42 шарт жасасты.
Тарифтер Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, «Арнаулы әлеуметтік қызметтерге тарифтерді қалыптастыру қағидалары мен әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер – Министрінің орынбасары-Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы №281 бұйрығына сәйкес бекітіледі (тиісті әкімшілік аумақтардың әкімдіктері нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №32987 болып тіркелді.
Облыс бойынша тарифтің орташа сомасы:
– Стационар-12558 тг
– Жартылай стационар-7257 тг
– Үй қызметтер көрсету-4441 тг
– Уақытша болу -9482 тг
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek-akmola/press/news/details/1195077?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау