Іс-шара барысында полиция қызметкерлері мал сою орындары мен ет өнімдерін сату нүктелерін тексеріп, еттің заңды шығу тегін растайтын құжаттардың бар-жоғын назарда ұстайды. Сонымен қатар, тәртіп сақшылары халықпен мал ұрлығының алдын алу бағытында түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.
Жетісу облысының полициясы тұрғындарды мал-мүлкіне ұқыпты болуға шақырады: малды қараусыз қалдырмау, қора-жайларды нығайту, малды уақтылы таңбалау және сырғалау қажет. Егер мал ұрлығы немесе жоғалуы орын алса, дереу 102 нөмірі арқылы полицияға хабарлау керек. Уақтылы хабарласу қылмысты «ізін суытпай» ашуға және күдіктілерді жедел ұстауға мүмкіндік береді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-zhetysu/press/news/details/1195718?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау