2026 жылғы 4 сәуір күні Алғабас ауылдық округінде «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында жалпыоблыстық сенбілік ұйымдастырылды.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Алғабас ауылдық округінде жалпыоблыстық сенбілік өткізілді
2026 жылғы 4 сәуір күні Алғабас ауылдық округінде «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында жалпыоблыстық сенбілік ұйымдастырылды.
Аталған іс-шараға ауыл тұрғындары, мекеме қызметкерлері және жастар белсене қатысып, елді мекен аумағында санитарлық-тазалық және абаттандыру жұмыстары жүргізілді. Сенбілік барысында көшелер мен қоғамдық орындар тазартылып, тұрмыстық қалдықтар шығарылды.
Сонымен қатар, ауылды көгалдандыру және көркейту мақсатында Батыржан Оңғаров атындағы жастар саябағына ағаш отырғызу жұмыстары жүргізіліп, 10 түп туя және 20 түп қылқанжапырақты ағаш көшеттері отырғызылды.
Іс-шараның негізгі мақсаты – қоршаған ортаны қорғау, елді мекендердің санитарлық жағдайын жақсарту және тұрғындар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-koksu-algabas/press/news/details/1195245?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version