Әдістемелік орталық әдіскерлерін тағайындаудың тәртібі

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қазақстан Республикасы БҒМ-нің №50 бұйрығына сәйкес, әдістемелік орталық (кабинет) білім беру ұйымына жатады.  

Ал, ҚР Оқу-ағарту министрінің №253 бұйрығына сәйкес, Әдістемелік орталық (кабинет) – білім бөлімінің құрылымдық бөлімшесі немесе басқармаға қарасты ұйым, ал әдіскер – білім беру ұйымының педагогі.

Қазақстан Республикасы БҒМ-нің «Педагог лауазымдарының тізбесін бекіту туралы» №145 бұйрықта Әдіскерлер және кабинет (орталық) меңгерушілері педагог лауазымдарына жататыны айтылған. Сонымен қатар, №123 бұйрыққа сәйкес, әдістемелік кабинет әдіскерлері яғни педагогтер – азаматтық қызметшілер.

Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 16-бабы бойынша педагогтерге азаматтық қызметке кірудің жалпы конкурстық тәртібі қолданылмайды.

Себебі, Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2025 жылғы №57 және №96 бірлескен бұйрығының 4-тармағына сәйкес, педагог лауазымдарына тағайындау №145 бұйрықтағы тізбе негізінде, конкурстық тәртіппен жүзеге асырылады, яғни педагогтерге арналған ҚР БҒМ-нің «Педагог лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы» №338 бұйрығына сәйкес арнайы тәртіппен.

Қорытындылай келе, әдістемелік кабинет қызметкерлері – педагог әрі азаматтық қызметші, сондықтан оларға педагогтарға қатысты нормалар қолданылады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/control-turkestan/press/news/details/1195501?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version