Әулиекөл ауданының спорт қоғамдастығымен желілік ресурстардың қауіптілігі талқыланды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Діни экстремизм мен терроризмді алдын алу тақырыбында Әулиекөл аудандық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі Ирина Бердованың, жергілікті жаттықтырушылар және спортшылармен кездесу өткізді.
Іс-шара барысында олар заманауи цифрлық қоғамға төнген ең ауыр қауіптердің бірі – экстремизм мен терроризмнің интернет арқылы таралуы және Қазақстанның мемлекеттік органдарының осы қылмыстармен қалай күресіп жатқанын талқылады.
«Интернет көптен бері жай ғана байланыс құралы болудан қалды», – деп атап өтті Ирина Владимировна.
Сонымен қатар, спикердің айтуынша «Бүгінде интернет бұл адамдардың санасына әсер етудің күшті құралы. Сондықтан да Экстремистік және террористік ұйымдар өздерінің идеологиясын тарату, жақтастарды тарту және зорлық-зомбылықты ақтау үшін әлеуметтік желілерді, жедел хабар алмасу қолданбаларын, веб-сайттарды және бейне платформаларды көбірек пайдаланады».
Қазақстанда экстремизммен күрес тек веб-сайттарды бұғаттауды ғана емес, сонымен қатар жүйелі, көп деңгейлі жұмыс, соның ішінде мониторинг, алдын алу жұмыстары, қауіптерді талдау, халықаралық ынтымақтастық және қатаң құқық қорғау екендігіне И.Бердарова назар салды.
Сондай-ақ, қазақстандық қоғамның тұрақтылығы мен құндылықтарының негізі ретінде түрлі этностар мен діни конфессиялар өкілдері арасындағы бейбітшілік пен өзара сыйластық қажеттілігіне баса назар аударылды.

 

Материал Қостанай облысы бойынша ТҚК
аппаратының ақпараты негізінде дайындалды

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/antiterrosticheskiy-centr/press/news/details/1195726?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version