Техникалық базаны ауқымды жаңартуды жоспарлап отырсыз ба? Қазақстанның салық заңнамасы импортқа қосылған құн салығын (ҚҚС) «қолма-қол» ақшамен төлемеуге мүмкіндік беретін арнайы тетікті қарастырады.
Әдістің мәні неде?
Қосылған құн салығының сомасы сіздің декларацияңызда бір мезгілде есептеуде де, есепке жатқызуда да көрсетіледі. Осылайша, бюджетке ҚҚС іс жүзінде төленбейді, бұл ақшаны кәсіпорынның айналымында сақтауға мүмкіндік береді.
Қандай тауарларды осы тәсілмен әкелуге болады?
Жаңа Налоговый кодекстің 508 және 509-баптарында белгіленген тізбеге мыналар кіреді:
✅ Жабдықтар және ауыл шаруашылығы техникасы;
✅ Автомобиль көлігінің жүк жылжымалы құрамы;
✅ Тікұшақтар, ұшақтар және теңіз кемелері;
✅ Локомотивтер мен вагондар;
✅ Ауыл шаруашылығы техникасын өндіруге арналған қосалқы бөлшектер мен жиынтықтаушылар.
Аталған тауарлардың толық тізбесі және оны қалыптастыру тәртібі ҚР Үкіметінің 2025 жылғы 31 желтоқсандағы №1199 қаулысымен бекітілген және 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі. https://adilet.zan.kz/rus/docs/P2500001199
Бұл тізбеге Қазақстан Республикасының аумағында өндірісі жоқ тауарлар енгізіледі.
Қолданудың маңызды шарттары:
- Сіз Қазақстанда тіркелген ҚҚС төлеуші болуыңыз керек.
- Тауарлар одан әрі өткізуге (сатуға) немесе халықаралық қаржы лизингіне беруге арналмауы тиіс.
- Ел ішіндегі қаржы лизингіне беру мақсатында әкелуге рұқсат етіледі.
Не нәрсені есте сақтау керек (Тәуекелдер мен бақылау):
⚠️ Талап қою мерзімі: Осы әдісті қолданған салық төлеушілер үшін талап қою мерзімі 5 жылға дейін ұзартылады.
⚠️ Міндетті пайдалану кезеңі: Егер сіз шарттарды бұзсаңыз (мысалы, жабдықты белгіленген мерзімнен бұрын сатып жіберсеңіз), ҚҚС импортталған күннен бастап өсімпұлмен толық көлемде төленуі тиіс.
⚠️ Есептілік: ЕАЭО елдерінен импорттау кезінде тауарларды әкелу туралы өтініш пен қажетті құжаттарды келесі айдың 20-нан кешіктірмей тапсыру қажет.
Есепке жатқызу әдісі — бұл бизнесті дамытудың қуатты құралы, бірақ ол әкелінген активтердің нысаналы пайдаланылуын қатаң сақтауды талап етеді.
2026 жылғы салықтар туралы бәрін білу үшін жазылыңыз!
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-zhetysu/press/news/details/1195570?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау