Жұмыс сапары аясында делегация АЭА қызметімен және іске асырылып жатқан жобалармен танысты.
Кездесу барысында АЭА-ның өңір экономикасындағы рөлі мен инвестициялық әлеуеті кеңінен таныстырылды. Бүгінде «Ақтөбе» АЭА өңірдің импортқа тәуелділігін төмендетуге және өңдеу өнеркәсібін дамытуға бағытталған маңызды индустриялық алаң ретінде қалыптасуда.
Сондай-ақ, жиын барысында жаңа Салық кодексіне енгізілген өзгерістер, оның ішінде қосылған құн салығына қатысты мәселелер талқыланды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-industiya-innovatsiya/press/news/details/1195452?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау