«Бақыттың гүлі» концерті Жаңаталап ауылында өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Балпық ауылдық округіне қарасты Жаңаталап ауылының мәдениет үйінде бүгін Жетісу облысының Дәнеш Рақышев атындағы жеке дауыстағы эстрада әншісі, Қазақстан Республикасының Мәдениет саласының үздігі Бақытгүл Абенова «Бақыттың гүлі» атты концертін өткізді.
Кеш барысында өнер иесі көрермендерге әсем әндерін тарту етіп, ауыл тұрғындарына көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Концертке жиналған қауым әншіге зор қошемет көрсетіп, рухани әсерге бөленді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-karatal-balpyk/press/news/details/1195831?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version