«Денсаулық – зор байлық»: Астанада зейнеткерлер сауықтыру флэшмобын өткізді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Астанадағы Нұра ауданы бойынша Белсенді ұзақ өмір сүру орталығында дүниежүзілік денсаулық күніне орай «Денсаулық – зор байлық» атты спорттық флешмоб өтті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Таңғы сауықтыру жаттығуларын өткізу үшін «Ғашықтар» аллеясына 200-ге жуық зейнеткер  жиналды. Іс-шараны Нұра ауданының Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы аудан әкімдігімен бірлесіп, салауатты өмір салтын насихаттау, дене белсенділігін арттыру және тұрғындарды тұрақты түрде спортпен шұғылдануға тарту мақсатында ұйымдастырды.

«Бүгінгі іс-шарада биші әжелерден құрылған «Қыздар-ай» және «Аңыз» би ұжымдарының өнері жиналғандарға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Қатысушылар тек көрермен болып қана қоймай, би қимылдарын бірге қайталап, іс-шараны ортақ флешмобқа айналдырды», – деп пікір білдірген  аудандық бөлім басшысы Мұрат Темірболатов қатысушыларды қолдап, флешмобқа бірге қосылды.

Сонымен қатар, іс-шара «Атамекен» және «Нұра әуендері» ансамбльдерінің өнер көрсетуімен қорытындыланып, скандинавиялық серуен тобы Олимпиаданың бес сақинасын бейнеледі.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/1195447?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version