Деструктивті идеология торына түспеу үшін не істеу керек

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Абай облысы Дін істері басқармасының қызметкерлері «Семей» медициналық университетінің бірінші курс студенттерімен деструктивті идеология таралуының алдын алу және зайырлы мемлекет жағдайында діни қауіпсіздікті қамтамасыз ету тақырыптарында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Іс-шаралар университеттің оқу аудиторияларында және жатақханасында өтіп, оған 300-ден астам студент қатысты. Кездесулердің негізгі мақсаты – жастардың рухани иммунитетін қалыптастыру, сыни ойлау қабілетін дамыту және интернеттегі діни контентпен өзара әрекет кезінде киберқауіпсіздік дағдыларын арттыру.
Дәрістер барысында мамандар Қазақстанның полиэтносты әрі көпконфессиялы мемлекет екенін, елде ұзақ жылдар бойы конфессияаралық келісім сақталып келе жатқанын атап өтті. Спикерлер елдегі діни саясаттың құқықтық негіздерін түсіндіріп, ар-ождан бостандығы заң талаптарына, оқу орындарының ішкі тәртібіне және айналадағы адамдарға құрмет қағидатына қайшы келмеуі тиіс екенін жеткізді.
Сондай-ақ радикалды идеология белгілеріне, әлеуметтік желілер арқылы жүргізілетін арбау тәсілдеріне және дәстүрлі діндерге қайшы келмейтін ұлттық салт-дәстүрді сақтаудың маңыздылығына ерекше назар аударылды.
Студенттер өткізілген кездесудің практикалық тұрғыдан пайдалы болғанын атап өтті.
«Дәріс өте пайдалы әрі танымдық болды. Біз дәстүрлі дін мен дін аытн жамылған радикалдардың айырмашылығын, сондай-ақ интернеттегі бейтаныс адамдармен қарым-қатынастың қауіпті екенін білдік. Енді бұл мәселелерде хабардар болудың қаншалықты маңызды екенін түсіндім, өйткені білмеу жауапкершіліктен босатпайды», – деп бөлісті «Семей» медициналық университетінің бірінші курс студенті Айым Бердібек.
Кездесу соңында қатысушыларға Абай облысы Дін істері басқармасының мамандарынан теологиялық және психологиялық кеңес алуға болатыны жөнінде ақпарат берілді.

 

Материал Абай облысы бойынша ТҚК
аппаратының ақпараты негізінде дайындалды

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/antiterrosticheskiy-centr/press/news/details/1195695?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version