Есірткі “Қалташаларын” немесе оларды өткізуді жүзеге асыратын адамдарды анықтау кезіндегі іс-қимыл алгоритмі

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026–2028 жылдарға арналған нашақорлық пен есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл жөніндегі Кешенді жоспарды іске асыру шеңберінде есірткі «жасырын орындарын» анықтау немесе оларды таратумен айналысатын адамдарды байқаған жағдайда әрекет ету алгоритмі әзірленді.

🔹Есірткі «жасырын орнын» анықтаған жағдайда
1. Затқа қол тигізбеу.
2. Орналасқан жерін тіркеу (координаттар, фото, видео).
3. Дереу 102 нөміріне хабарласу.
4. 102 операторына бар мәліметті жеткізу (нақты мекенжай, бағдарлар, заттың сипаттамасы).
5. Мүмкіндігінше полиция келгенге дейін затты көзбен бақылауда ұстау.
6. Тек полиция қызметкерлерінің нұсқауы бойынша әрекет ету.

🔹Есірткі таратушыны (курьерді) анықтаған жағдайда
1. Байланысқа түспеу.
2. Күдіктінің белгілерін тіркеу (жалпы сипаттамасы: ұлты, бойы, жасы, ерекше белгілері, киімі, қозғалыс бағыты, автокөліктің мемлекеттік нөмірінің болуы).
3. Дереу 102 нөміріне хабарласу.
4. 102 операторына барынша көп ақпарат беру.
5. Қауіпсіз қашықтықта бақылап, күдіктімен байланысқа түспеу.

❌ Күдікті заттарға қол тигізуге және күдікті тұлғаларды өз бетінше ұстауға ҚАТАҢ ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ.
Барлық әрекеттер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылуы тиіс.

🔹Құқықтық салдары
Есірткі заттарын заңсыз сақтау немесе өткізу үшін 5 жылдан 20 жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі қылмыстық жауапкершілік көзделген.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-amangeldi-audany-akimat/press/news/details/1195688?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version