«KARAVANSARAY TURKISTAN» қызметкерлерімен терроризмге қарсы кездесу өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

ҚР ҰҚК Түркістан облысы бойынша департаменті Терроризмге қарсы орталық бөлімінің үйлестіруімен Терроримзге қарсы комиссия жұмысшы топ мүшелерінің қатысуымен Түркістан қаласында орналасқан «KARAVANSARAY TURKISTAN» көпсалалы туристік кешені қызметкерлерімен терроризмге қарсы қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері бойынша түсіндірме профилактикалық жұмыстары өткізілді.
Іс-шараның басты мақсаты – Көпсалалы туристің кешенінің басшылығы мен қызметкерлеріне ҚР Сауда және интеграция министірінің 2023 жылғы 5 қазанындағы №366 «Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің террористік тұрғыдан осал объектілерін және террористік тұрғыдан осал ішкі сауда объектілерін терроризмге қарсы қорғауды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» бұйрықты түсіндіру және терроризмнің алдын алу.
Сонымен бірге, нақты мысалдарды пайдалана отырып, объектілерде алғашқы әрекет ету алгоритмі және олардың айналасындағы күдікті адамдар мен заттарды анықтау, қылмыс жасау немесе қатер төндіру туралы хабарламаларды (телефон, почталық арна, электрондық почта және т.б.) лаңкестік әрекеттерді жасау, орнатылған жарылғыш заттар, қарулы шабуыл, сондай-ақ кепілге алдынған кезде, қалай іс-әрекет ету керектігі түсіндірілді. Шара соныңда ҚР ТҚО Штабы дайындаған оқу бейнематериалдары көрсетілді.
Жиын қорытындысы бойынша, қатысушылар тарапынан сұрақтар қойылып, жауапты қызметкерлермен толыққанды жауаптар берілді.

 

ҚР ҰҚК Түркістан облысы бойынша департаменті ТҚО бөлімі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/antiterrosticheskiy-centr/press/news/details/1195732?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version