Кене энцефалиті сырқатының алдын алу

Жарияланды:

Автор:

категорияда

 

Кене энцефалиті сырқатының алдын алу

Кене энцефалиті – кене энцефалитінің вирусы жәндіктің сілекейінде болады. Оның адамға немесе жануарға берілуі шағу кезінде жүреді. Айта кету керек, кене жабысқаннан кейін бірден алып тасталса да, ауру қаупі әлі де қалады. Кене энцефалиті ауруы 2-3 апта бойы дамиды. Теріде кенені мыжыған жағдайда да жұғуы мүмкін – шағын тері жаралары мен микротравмалар арқылы вирус қан ағымына тез енеді.

Кене энцефалитінің белгілері: әдетте кене жабысқан жерде ешқандай өзгерістер болмайды. Инкубациялық (жасырын) кезең 2-ден 21 күнге дейін созылады. Энцефалит белгілері осы уақыттан кейін пайда болады. Вирус қанға кірген кезде, тұмауға ұқсайтын энцефалит белгілері пайда болады: шаршау, шалдығу, әлсіздік, тәбеттің төмендеуі, сүйектердің сырқырауы, дене қызуының жоғарылауы. Бұл аурудың қызба түрі деп аталады. Миға вирус гематоэнцефалдық бөгет арқылы түседі. Егер бұл орын алса, кене энцефалитінің неврологиялық симптомдары қызбаға қосылады.

Кене энцефалиті ауруы – ми жасушаларын зақымдайды. Жүйке жүйесінің зақымдануының ауырлығы аурудың пайда болуын және болжамын анықтайды. Егер ми қабығы қабынса, кене энцефалиті менингеальды түрде өтеді.Бұл жағдайда қызба көріністеріне бірден бас ауыруы, жарықтан қорқу, желке бұлшықеттерінің ширығуы қосылады.

Кене энцефалитінің салдары мен асқынулары. Мидың жүйке жасушаларының зақымдануы кезінде мидың энцефалиті ауруының ошақтық түрлері дамиды. Бұлар аса қауіпті болып табылады, өйткені, аурудың асқынуы өлімге әкеп соқтыруы мүмкін. Кене энцефалиті қозғалу функцияларының бұзылуы, жадының бұзылуы және мүгедектікке әкелуі мүмкін. Кене энцефалитін емдеу тек стационарда жүргізіледі. Стационарға дер кезінде жіберу аурудың болжамын жақсарта алады!

Кене энцефалитіне қарсы екпе егу-ең сенімді қорғау шарасы, басқаша айтқанда, егу. Энцефалит бойынша қауіп ошақтарында жұмыс істейтін адамдар міндетті түрде вакцинациялауға жатады: геологтар, орманшылар, аңшылар және т.б. Екпелер жоспарлы және шұғыл схема бойынша жүргізіледі. Маусымның басында иммунитетті қалыптастыру үшін вакцинаның бірінші дозасын күзде, екіншісін қыста жасайды. Қауіпті кезең-көктем және жаз. Басқа маусымдарда энцефалиттің шұғыл алдын алу жүргізілмейді. Бір жылдан кейін вакцина егілген адамдар қайта егіледі. Егер адам егілмесе, бірақ оның кене шақса, онда иммуноглобулиннің дозасы алдын-ала жібереді.

Сондықтан кене денеге жабысқан кезде міндетті түрде медицина қызметкерлеріне жүгіну керек!

 

Талдықорған қалалық санитариялық

эпидемиологиялық бақылау басқармасының

басшысы С.Ахан

 

Талдықорған қалалық санитариялық

эпидемиологиялық бақылау басқармасы РММ

эпидемиологиялық бақылау бөлімінің

жетекші маманы Окапова М.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-taldykorgan/press/news/details/1195825?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version