«Мал ұрлығына жол жоқ!» ЖПІШ: Ырғызда полиция құлынды бие ұрлаудың жолын кесті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ырғыз ауданы полиция бөлімінің қызметкерлері локальды түнгі рейдтік жұмыстар барысында далалықта тіркемесі бар жол талғамайтын көлікті байқаған. Автокөліктің жарық шамдарын жақпай қозғалып бара жатқаны полицейлерде күдік тудырып, олар автокөлікті дереу тоқтатпақ болған. Алайда, жол талғамайтын көлік жүргізушісі полицияның заңды талаптарына бағынбай, қашуға тырысқан.

Ізіне түсу барысында олар ұсталды. Екі ер адам да Ырғыз ауданының ауыл тұрғындары болып шықты. Тексеру барысында автокөліктің тіркемесіне 1 бас бие мен 1 бас құлынның тиелгені анықталды.

Анықтау барысында полиция құлынды биенің Ырғыз ауданы Құмтоғай ауылының тұрғынына тиесілі екенін тапты. Күдіктілер оларды еркін жайылымнан жасырын ұрлағанын мойындады. Олар жануарларды сойып, сатпақ болған.

Күдіктілердің тұрғылықты жері бойынша жүргізілген тінту жұмыстары барысында киік мүйіздері, жылқының басы мен терілері, 2 дана тегіс ұңғылы мылтық, бірнеше патрондар табылып, тәркіленді.

Ұсталған ер адамдардың екеуі де уақытша ұстау изоляторына қамалды. Үй жануарлары иесіне қайтарылды. Мал ұрлығы дерегі бойынша қозғалған қылмыстық іс аясында тергеп-тексеру жұмыстары жүріп жатыр. Күдіктілердің басқа да осындай қылмыстарға қатысының бар-жоғы да анықталуда.
Ақтөбе облысының полиция департаменті мал иелерін үй жануарларын қараусыз жібермеуге, қауіпсіздік шараларын қабылдауға шақырады. Қараусыз мал – жол-көлік оқиғаларына себепшісі немесе ұрлық нысаны болуы мүмкін.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-aktobe/press/news/details/1195843?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version