Мұнайлы ауданында ата-аналар жиналысы өткізілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Мұнайлы ауданы полиция бөлімінің ювеналдық полиция тобының аға учаскелік полиция инспекторы, полиция майоры А. Мусаев «Зерек» жеке меншік мектебінің директорымен бірлесіп ата-аналар жиналысын өткізді.

Жиналыс барысында келесі өзекті мәселелер қарастырылды:

  • кәмелетке толмағандарға қатысты және олардың қатысуымен жасалатын құқық бұзушылықтардың алдын алу;
  • есірткі қылмыстарының алдын алу;
  • интернет-алаяқтықтан сақтану жолдары;
  • буллинг пен кибербуллингтің алдын алу;
  • ұрлық қылмыстарының алдын алу;
  • кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз көшеде болуын болдырмау.

Сонымен қатар, ата-аналарға балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, олардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру және интернеттегі белсенділігін бақылау қажеттігі түсіндірілді.

Жиналыс соңында ата-аналардың сұрақтарына жауап беріліп, құқықтық түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

https://www.instagram.com/reel/DWyqf97ivWx/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-mangystau/press/news/details/1195762?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version